Біздің балабақшамызда ересектер және мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері арасында «Ана тілім - ардағым» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқау 4 бөлімнен тұрды: Отан, табиғат, отбасы және балалық шақ туралы өлеңдер.
Байқаудың мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың бойында отансүйгіштік сезімін, табиғатқа, елдің ұлттық және мәдени мұрасына деген ұқыпты қарым - қатынасты тәрбиелеу болды.
Әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерлерін бағалап, мадақтамалар табыстады.