Бүгін «Кеме» тобында «Ойын тілді дамыту құралы ретінде; жасанды интеллектті қолдана отырып, сөйлеу ақауларын түзетудің заманауи технологиялары мен әдістемелері» тақырыбына ұйымдастырылған іс - әрекеттерді ашық қарау өтті.
Ұйымдастырылған іс - шаралар кезінде балалар күзгі орман әлеміне шомылды. Жасанды интеллекттің көмегімен біз күзгі орман кейіпкерлерін «тірілтіп», викторина ойнап, ағаш түрлері мен олардың жапырақтарын біле алдық. Мұндай ойындар балаларға өте ұнайды, өйткені олар ересектер сияқты уақыттан қалыспай келеді.